Йге тапсырма 11 страница

Қазақтілінде біріккен сөз екі түрліболады.Бірінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталып отырады.Мысалы: түйеқұс(түйе+құс),бұзаубас(бұзау+бас),қарақұрт(қара+құрт),басмақала(бас+мақала) т.б.

Екіншісінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай,кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырайды.Мсыалы: биыл(бұл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалған,екінші сөздің басындағы ждыбысы и-ға айналған),жаздыгүні(жаздың және күні:бірінші сөздегі сорңғы ң дыбысы түсіп қалған,екінші сөзің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г-ге айналған), Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.

Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:

1)аң,құс,жәндік,өсімдік атаулары:қосаяқ,тасбақа,егеуқұйрық,жолбарыс,көкқұтан,текесақал,алабота,аққу,қарақұрт,итмұрын,саңырауқұлақ,бәйтерек,бәйшешек т.б. ;

2)Географиялық атаулар (жер,су,планета аттары): Жетіқарақшы,Темірқазық,ақбозат,Көкбозат,Сарысу,Қызылорда,Әулиеата,Алакөл т.б.

3) Кісі аттары: Орынбасар,Сейілбек,Мұхаметжан,Қойбағар,Жаңбырбай,Есенәлі,Бейсенбай т.б.

Кітаппен жұмыс:78-жаттығу.Берілген біріккен сөздердің қандай түбірлерден біріккенін көрсетіңдер.Біріккен сөздердің мағыналарын айтыңдар.

Үлгі: Қаптесер – қап және тесер сөздерінен біріккен,тышқанның бір түрі.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға сұрақтар қоямын.1.Біріккен сөздер дегеніміз не? 2.Қазақ тілінде біріккен сөздер қаншаға бөлінеді?

3.Кіріккен сөздер дегеніміз не? т.б.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына,сабаққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 79-жаттығу Түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бір бөлек,түбірлері дыбстық өзгеріске ұшыраған кіріккен сөздерді бір бөлек және қандай түбірлерден біріккенін көқрсетіп көшіріп жазыңдар.



Сабақтың тақырыбы : Біріккен сөздердің емлесі

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері көп мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу

б) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетн, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі :плакат,кітаптар

Халықтық педагогиканақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс :әдебиет , тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сөзөжасам дегеніміз не? 2.Түбір дегеніміз не? 3.Қосымша дегеніміз не?

4.Дара сөздер дегеніміз не? 5.Күрделі сөздер дегеніміз не? 6.Қосымша қанша түрге бөлінеді?

7.Жұрнақ қанша түрге бөлінеді 8.Біріккен сөздер дегеніміз не? 9.Кіріккен сөздер дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.Мысалы: баспасөз,қарақұс,әлденеше,әркім,Ақтөбе,



Талдықорған,бесжылдық.

2. Біріккен сөздердің әрбір тұлғасы дыбстық өзгеріске түскен қалыпта жазылады.Мысалы: ашудас(ашутас немесе ащы тас емес),ендігәрі(ендігіден әрі емес),сөйтіп(солай етіп емес),Бегәлі(бекәлі емес), бүгін(бұлкін емес).

3.Еш,бір,әр,кей,әлде деген сөздер есімдіктермен (мысалы, еш сөзі кім,бір,қандай,қайда,қашан,

Теңе Сөздерімен, бір сөзі неше,талай,аз,ыңғай,келкі,жола,жолата,қыдыру сөздерімен,кей, сөзі бір,біреу сөздерімен,әлде сөзі кім,қашан,қалай,қайда сөздерімен) бірігіп жазылады.Ал жеке тұрып зат есімдердің анықтауышы ретінде жұмсалғанда,бұл сөздер олардан бөлек жазылады. Мысалы;еш бала,еш жерде,бір мектепте,әр оқушы, кей адам т.б.

Кітаппен жұмыс:81-жаттығу. Берілген біріккен сөздердің жазылуына назар аударыңдар.Қандай түбірлерден тұрғанын анықтаңдар.

Дәптермен жұмыс :86-жаттығу. Мәтіннен біріккен сөздерді ғана теріп жазыңдар.

Білімді бекіту :Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өздеріне бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау:Оқушылардың сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:83-жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.

Үлгі: Беташар - әдет-ғұрыпқа байланысты туған жыр.

84-жаттығу.Сөздерді көшіріп жазып,қандай түбірлерден бірігіп жасалғанын үлгідегідей дефиспен бөліп көрсетіңдер.

Үлгі: халық-аралық, ...

Сабақтың тақырыбы : Қосарлама қос сөздер

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге асакөңіл бөлуге үйрету.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика «Ұяда не көрсе,

элементтерін қолдану : ұшқанда соны ілер»

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеғңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Сөзөжасам дегеніміз не? 2.Түбір дегеніміз не? 3.Қосымша дегеніміз не?

4.Дара сөздер дегеніміз не? 5.Күрделі сөздер дегеніміз не? 6.Қосымша қанша түрге бөлінеді?

7.Жұрнақ қанша түрге бөлінеді 8.Біріккен сөздер дегеніміз не? 9.Кіріккен сөздер дегеніміз не?

10.Қос сөздер дегеніміз не? 11.Қайталама қос сөздер дегеніміз не? 12Қос сөздер қаншаға бөлінеді

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Екітүбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөздейді.Әдетте мағыналары бір-біріне жақын синоним немесе мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келетін антоним сөздер қосарланады.Мысалы:аяқ-табақ,құрт-құмырсқа,құрбы-құрдас,әке-шешет.б. Мұнда аяқ та ,табақ та – ыдыстар,құрт та,құмырсқа да – жәндіктер,құрбы да, құрдас та – замандастар, әке де,шеше де – ата-аналар.Ал кәрі-жас,үлкен-кіші,ұзынды-қысқалы,қысы-жазы деген қос сөздердің бірінші сыңары екіншісінің мағынасына қайшы келіп тұр.Осы қасиеті жағынан қосарлама қос сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне ұқсас,жақын болып келеді,олардың сыңарлары тұлғалас болып отырады.Бұл тәрізді қос сөздерді кейде арасына жалғаулық шылауларды келтіріп,бірыңғай мүше етіп қолдануға болады.Мысалы: кәрі-жас түгел жиналды – кәрі мен жас түгел жиналды, айқай-шу тыйылды – айқай да,шу да тыйылды т.б.

Қосарлама қос сөздердің құрамы мынадый болады.

1.Мағынасы бір-біріне жақын(синоним)я қарама-қайшы(антоним)сөздер қосарланадыМыс:аға-іні.

2.Бір сыңары мағыналы,екінші сыңары мағынасыз сөздер қолданылады.Мсыалы: бала-шаға

3.Екі сыңары да мағынасыз сөздер қолданылады.Мыс:ығы-жығы,оқта-текте,некен-саяқ

4.Кейінгі кезде ғана қалыптаса бастаған бір топ қосарланған сөздер бар.Олардың сыңарлары кейде бір тұлғада бола береді.Мысалы: үгіт-насихат бөлімі,оқу-ағарту саласы,саяси-экономикалық жағдай,қоғамдық-саяси әдебиет,саяси-көпшілік әдебиет, т.б.

Қос сөздердің қайталама түрі де,қосарлама түрі де әрқашан дефис арқылы жазылады

Дәптермен жұмыс:93-жаттығу. Қосарлама қос сөздерді теріп жазып,олардың қлай жасалғанын айтыңдар,дефис арқылы жазылатынына көңіл аударыңдар.

Кітаппен жұмыс:99-жаттығу.Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.Қос сөздің түрлерін анықтап,олардың қандай жолмен жасалғанын айтыңдар.

Білімді бекіту:Оқушыладың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін,сұрақтар қоямын.

1.Қосарлама қос сөз дегеніміз не? 2.Қосарлама қос сөздердің құрамы қандай?

3.Қосарлама қос сөздер әрқашан қандай тыныс белгісі арқылы жазылады?

Білімді бағалау:Оқушылардың сұраққа жауап бергендеріне қарай бағалаймын.

Үйге тапсырама:95-жаттығу. Берілген қос сөздерді пайдаланып,сөз тіркесін жасаңдар.Үлгі: ойын-тойдың сәні, ...

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сөзжасам

Сөз тұлғасы

Сабақтың мақсаты:

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу.

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мен мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрену.

б) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: плакат,дидактикалық материалдар т.б.

Халықтық педагогика Дос жылатып айтады,

элементтерін қолдану: Дұшпан күлдіріп айтады.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,щқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Әдеби тіл дегеніміз не? 2.Мәтін дегеніміз не? Әдеби тіл қаншаға бөлінеді?т.б.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөз түрлі бөлшектерден тұрады.Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады.Мысалы, жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады: жол-дас-тық-қа. Бірінші жол бөлшегі «салған із» немесе «сапар» деген мағынаны білдірсе, оған –дас қосымшасы қосылған жолдас сөзі «серік» деген мағынаны беріп тұр.Бұл сөзге –тық қосымшасы жалғанып,адамдар арсындағы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалған.Соңғы –қа бөлшегі бұл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ,басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұр.

Сөйтіп,сөздің тұлғасы деген ұғымға түбір және қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді.Сөз жалғыз бір түбірден де (мысалы,үй,әке,бала т.б.),қосымшалы түбірден де(мысалы,маңдай-ша,өнер-паз,біл-ім т.б.), екі түбірден де (мысалы,некен-саяқ,жақсы-жаман,аққу,Марқакөл т.б.) құралады.

Кітаппен жұмыс: 66-жаттығу. Сөздерді оқып,олардың құрамын ауызша ажыратыңдар.

Үлгі: күзетшілік: күзет – түбір;оған – ші жұрнағы қосылғанда,кісі мағынасын білдіреді;-лік жұрнағы қосылғанда,қызмет түрін білдіреді.

68-жаттығу Мақал-мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

Үлгі: Ел ағасыз болмас: аға түбіріне жалғанған –сыз қосымшасы – жұрнақ..

1.Ел ағасыз болмас,

Тон жағасыз болмас.

2. Ақылды адам елге қарайды,

Ақылсыз адам өрге қарайды.

3.Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды.

4.Жолдасын таппаған ер азады.

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға сұрақтар қоямын. 1.Түбір дегеніміз не? 2.Қосымша дегеніміз не?

Білімді бағалау:Оқушылардың белсенділігіне,ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :67-жаттығу. Суретке қарап,күз көрінісін бейнелеп жазыңдар.Сөздерге қосылған қосымшалардың астын сызыңдар.

Сабақтың тақырыбы : Өзгелік етіс

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды дакөркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзбен қарап жолдасының көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұллтық дәстүрді қастерлеуге үйрету.

б) Оқушыларды сауаттылыққа баулу

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Отыз тістен шыққан сөз,

элементтерін қолдану : отыз рулы елге жайылады.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына назар

аудару. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып білімдерін бағалаймын.

1.Етістік нені білдіреді?

2.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

5.Сабақты етістік дегеніміз не?

6.Салт етістік дегеніміз не?

7.Етіс дегеніміз не?

8.Өздік етіс дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Өзгелік етіс қимылдың,іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі,яғни субъектінің тікелей өзі емес,екінші бір басқа субъект,қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп,белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады.Ол жұрнақтар мыналар:

1) –ғыз,-гіз,-қыз,-кіз: отыр-ғыз,жүр-гіз,айт-қыз,жет-кіз,жаз-ғыз,көр-гіз;

2) – дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір: сал-дыр,сен-дір,ас-тыр,тік-тір,кет-ір,ас-ыр;

3) – т;жаса-т,сөйле-т т.б.

Демек, өзгелік етісті сөйлемде қимылды,іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі – сол қимылды орындатушы,екіншісі – қимылды тікелей орындаушы.Мсыалы,Ол баласына өлең айтққызды.Үй иесі бізге малды күзеттірдіСен жұртты сөйлетпедің деген сөйлемдегі айту,күзету,сөйлеу қимылдарын істеуші – ол,үй иесі,сен. Бірақбұлар өздері тікелей істеп отырған жоқ,қимыл,іс-әрекетті екінші біреу арқылы,яғни баласы,біз,жұрт арқылы істеп отыр.

Кейде бір түбірге өзгелік етістің бірнеше жұрнағы бірінен кейін бірі жалғана береді : сөй-лет-кіз-бе-ді,қаз-ды-т-қыз-ды,оқы-т-тыр-мады т.б.

Жаттығумен жұмыс:241-жаттығу. Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жасап жазыңдар.

Үлгі: көбей-т-тір, ...

Көбей.Ойлан.Оқы.Өсір.Жуын.Айқайла.Ал.Өшір.Құтқар.Жина.Жап.Түсір.Сын.Күй.Өт.Ақта.Апар.Әкел.Жет.Күл.Бас.Ойна.Жаз.Айт.

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өздеріне бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:242-жаттығу. Сөйлемдерің құрамынан өзгелік етісті теріп алып,олардың түбірі мен жұрнақтарын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Үлгі: тарт-тыр-ып, ...

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Ортақ етіс

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

ә)Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : Баяндау

Сабақтың көрнекілігі :түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазамынХалықтық педагогика

элементтерін қлдану :

Пәнаралық байланыс :әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу,сабаққа назарын аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып білімдерін бағалаймын.

1.Етістік нені білдіреді?

2.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

5.Сабақты етістік дегеніміз не?

6.Салт етістік дегеніміз не?

7.Етіс дегеніміз не?

8.Өздік етіс дегеніміз не?

9.Өзгелік етіс дегеніміз не?

10.Ырықсыз етіс дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қимыл,іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес,бірнешеу болып,-ыс,-іс,-с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады.Мысалы,Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты.Қыз бен жігіт сөйле-с-ті.Ол бізге үй сал-ыс-ты деген сөйлемдердегі жазу,сөйлеу,салу қимылдары бір ғана субъект(іс иесі) тарапынан емес,бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан,қыз бен жігіт,ол мен біз) арқылы іске астынын көрсетеді.

Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып,оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты-әңгіме айтылды, сөзді сөйледі-сөз сөйленді,қолын жуды-қол жуылды т.б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса,салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді-шамды сөндірді,оқушы орындықты отырды-оқушыны орындыққа отырғызды,хат жеткізілді-хатты жеткізді т.б.Ал ортақ етіс жұрнағында ондай қызмет жоқ (хат) жазысты-сабақты етістік,сөйлесті-салт етістік.

Етіс жұрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді:сөйле-с-іл-ді,жүр-гіз-дір-іл-ді,айт-ыс-тыр-ды т.б.

Кітаппен жұмыс:248-жаттығу.Сөйлемдерден ортақ етісті тауып,қалай жасалып тұрғанын байқаңдар.Оларға тұлғалық талдау жасаңдар.

Үлгі:Ортақ етіс – дуылдасып.Түбірі – дуыл, -да – бұйрық рай тудыратын жұрнақ, -с – ортақ етіс жасайтын жұрнақ, -ып – көсемшенің жұрнағы.

Жаттығумен жұмыс:247-жаттығу. Берілген етістіктерге жұрнақ жалғап,ортақ етіс жасаңдар.Түбір мен қосымшаның арасын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Үлгі: айт-ыс-ты, ...

Білімді бағалау: Оқушылардың белсенділігіне қарай білімдерін бағалаймын.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Үйге тапсырма:249-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.Құрамындағы етістерді түрлеріне қарай ажыратып,тұлғалық талдау жасаңдар.

Сабақтың тақырыбы : Есімшенің жасалуы мен түрлері

Сабақтың мақсаты:

а) Есімше,оның жасалу түрлері,ерекшеліктері,сөйлмдегі қызметі туралы түсінік беру;

ә) Оқушы бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып,танымдық белсенділігін артыру;

б) Сауттылыққа баулу,алған білімінегізінде ойлау қабілетін дамытып,шығармашылық қабілетін дамыту;

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту әдістері

Сабқтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар


3100190730975658.html
3100213426416466.html
    PR.RU™